Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко Польшада өткен әлем кубогінің бірінші кезеңін қорытындылап, әлі де қателіктермен жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz.

«Жалпы алғанда, біздің көрсеткішіміз қанағаттандырады. Бірақ әлі де қателіктермен жұмыс істеу қажет. Нағыз жауапты жарыстар үш аптадан соң басталады. Біз сол бәсекеге бабымызда баруымыз қажет.

Әрине, Надежданың жетістігі үшін қуанышымын. Бұл аталған қашықтық бойынша Қазақстан конькимен жүгіру спортындағы алғашқы медаль. Сондықтан, Надяға тек сәттілік тілеймін.

Екатерина Айдова да өзін жақсы қырынан көрсетті. Ал құрамадағы өзге спортшыдардың жарақат бар, ауырып қалғандары да кездесті. Олар АҚШ пен Канадада өтетін екінші және үшінші кезеңдерде жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын.

Енді Польшадағы турнирден сабақ алып, Норвегияда өтетін екінші кезеңге дайындаламыз», -деді Бабенко.