Польшада конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды.

Масс-старт нәтижесі бойынша қазақстандық Надежда Морозова 12-ші орын иеленді. Бұл бәсекеде жүлдені Нидерланд және Канада спортшылары өзара бөліскен.

Еске сала кетейік, Морозова 1500 метрге жарысудан әлем кубогыың қола жүлдегері атанды.