Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан пәтер беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім хабарлады.

- Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Айта кетері, Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті.