Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер сыйға беріледі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан пәтер беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім хабарлады.
- Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді, - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Айта кетері, Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті.