«Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев мәскеулік «Спартак» 19 жастағы жартылай қорғаушы Максим Самородовқа қызығушылық танытты деген ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Championat.com. сайты хабарлады.

- Мен «Спартактың» Максим Самородовқа қызығушылық танытып отырғанын БАҚ-тан білдім. Клубқа ешкім хабарласқан жоқ. Мен «Ақтөбеде» биыл мамыр айынан бері жұмыс істеп жүрмін: осы уақыт аралығында «Спартактан» ешкім бізбен байланысқ шыққан жоқ, - деді Жамантаев.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы мансабын РПЛ-да жалғастыруы мүмкін екені хабарланған. Футболшыға мәскеулік «Спартак» назар аударып отыр. Ойыншының «Ақтөбемен» қазіргі келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Максим Самородовтың болашағы туралы шешім жаңа жылға дейін қабылданады.