«Астананың» 37 жастағы сербиялық қорғаушысы Антонио Рукавина футболшы ретіндегі мансабын аяқтағанын хабарлады, деп хабарлайды Спортс Журнал басылымы.

«Мен «Астанада» керметтей үш жылымды өткіздім. Баннерлер мен жылы лебізге толы хабарламаларды күтпедім. Мен «Астанаға» мансабымның керемет соңғы жылдары үшін алғыс айтуым керек. Мен қаңтарда 38-ге толамын. Менің ойымша, отбасы туралы ойланатын кез келді. Мен өмірімде жаңа тарауды бастауды жоспарлап отырмын», - деді Антонио.

Антонио Рукавина келісім-шарт мерзімі біткен соң «Астанадан» кету туралы шешім қабылдады. Ол қазақстандық клуб сапындағы 105 ойынның соңғысын Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Қайратқа» қарсы өткізді (0:3). Ол қарымта ойынға қатыспайды. Ол елордалық клубтағы соңғы матчын «Астана Аренада» өткізгісі келген екен.

Сербиялық футболшы бұған дейін «Партизан» (2007), «Боруссия Дортмунд» (2008), «Мюнхен 1860» (2009-12), «Вальядолид» (2012-14) және «Вильярреал» (2014-18) командаларында ойнаған. Ал Сербия құрамасы үшін 59 ойынға қатысқан.