Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Сәкен америкалық Роско Хиллді жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Бибосыновқа берді.