Қазақстандық боксшы Айболды Дәуренұлы кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтауда өткен кәсіпқой бокс кешінде 22 жастағы Айболды қазақстандық тағы бір дебютант Нұрсұлтан Байниязовқа қарсы жұдырықтасты.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған және үшінші раундта техникалық нокаутпен Дәуренұлының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Айболды Дәуренұлы кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен жеңді.