«Қайрат» өз алаңында «Карабахтан» 1:2 есебімен жеңіліп, өз тобында соңғы орында қалды. Клуб Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Мағжан Мырзағалидің алматылықтардың Әзербайжан командасына қарсы ойыны туралы тексті.

«Қайрат» бірінші таймды жақсы өткізді. Олар үзіліске есептегі басымдықпен кетуі керек еді.

Матчтың басында Абделла Зубирдің офсайдта қалған мүмкіндігін санамасақ, бірінші таймда «Қарабах» тек «Қайраттың» қақпасына жақындаумен ғана шектелді.

Ал шабуылда алматылық клуб үш айқын мүмкіндік ұйымдастырды, бірақ оларды голға айналдыра алмады. Вороговскийдің кросынан кейін Косовичтің баспен жасаған соққысын әзербайжандық қақпашы Шахрудин Магомедалиев қайтарды, оң қапталдағы Косович пен Камоның комбинациясынан кейін Хосе Канте қонақтар қақпасының бос бұрышын дәл көздей алмады, таймның ең соңында Вагнер Лав Магомедалиевпен бірге-бір шығып, допты бағанаға тигізді.