Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Александр Ковригиннің (3-0, 2 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы спортшы рингке 10 шілдеде Мюнхенде (Германия) оралады. BoxRec.com мәліметінше, оның қарсыласы вегриялық Патрик Ренато Хорват (1-3, 0 КО) болады. Кездесу алты раундқа жоспарланған.

Еске салайық, Ковригин карьерасындағы үш жекпе-жегінің бәрінде ұтып, екі қарсыласын да нокаутпен жеңген.