ESPN инсайдері Майк Коппинджер Геннадий Головкиннің кезекті кездесуі жайлы пікір білдірді. Ол жапониялық Риото Муратамен өтетін жекпе-жекті 2021 жылдың үздік кездесулердің бірі ретінде бағалады.

Жекпе-жек 29 желтоқсан Жапониядағы "Saitama Super Arena" аренасында өтеді.

"GGG-дің жасы қырыққа келіп қалды. Ол 2020 жылы тек бір ғана кездесу өткізді және қарсыласы орта деңгейдегі Камиль Шеремета болды.

Муратаны да элиталы қарсылас деуге келмес, алайда ол өзінің атымен, орта салмақтағы атағымен танылған және, ең бастысы, Жапонияда ол – жұлдыз. Бұл Головкинге қарсыласының осал еместігін білдірсе керек.

GGG-ге өзінің әлі де қауіпті қарсылас, жойқын панчер екенін көрсету үшін ерекше кездесу қажет. Жанкүйерлердің есінде тек кейін болған оқиғалар қалады. Ал Головкиннің есте қаларлық жекпе-жек өткізбегелі көп болды. Белбеулерді біріктіруге бағытталған кездесу жақсы мүмкіндік болып отыр және Жапониядағы жағдай да бұған сәйкес болмақ.

Егер Головкин өзінің бұрынғы қарым-қабілетін көрсете алса, жанкүйерлер “Канеломен” үшінші жекпе-жектің өтуін талап етері анық", – деді ол мәлімдемесінде.