Екінші жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы бұрынғы интерконтент чемпионы қазақстандық боксшы Ескендір Харсан (9-1, 6 КО) жақын арада рингке оралатынын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақын арада жекпе-жек», – деп қысқаша жазды спортшы Инстаграмда.

Бірақ боксшы жекпе-жек нақты қашан өтетінін хабарламады.

Харсан кейінгі жекпе-жегін былтыр қарашада Алматыда өткізіп, Ержан Жасұланды төрешілер шешімімен жеңген болатын.