Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына өтті. Кездесу аяқталғаннан кейін спортшы ширек-финалдық жекпе-жекті қорытындылап берді.

"Ширек финалдық жекпе-жекте жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққаныма өте қуаныштымын. Қарсыласым өте азулы моңғолиялық боксшы болды. Онымен осыған дейін әртүрлі салмақ дәрежелерінде кездестік. Сонымен қатар, құрамалардың да жаттығуларында кездесіп жүрген, таныс боксшылардың бірі еді. Жанкүйерлерімді қуантып, жартылай финалға шыққаныма қуаныштымын", - дейді Абылайхан Жүсіпов.

Айта кетерлігі, Белградта (Серюия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан Темірхан Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов және Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов сынға түседі