Лашко - Словениядағы курорттық қала, халықаралық сыра және гүлдер фестивалімен танымал, ол өзінің қонақжай алаңында "WTT Contender" үстел теннисі турниріне қатысушыларды қабылдауда.

2 қарашада жарыстың негізгі торына шығу үшін біліктілік матчтары өтті, онда интернационалдық жұп Айдос Кенжеғұлов / Димитрие Леваяк (Қазақстан/ Сербия) 3:0 есебімен ағылшындар Дэвид Мкбит / Пол Дринкхоллды жеңді. Келесі қарсыластары Мишель Левински / Кларенс Чю (АҚШ/Сингапур).

Жеке турнирде Айдос тартысты жекпе-жекте австриялық Александр Чэннен 2:3 есебімен ұтылды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 1/16 финалда Венгриядан келген Бенце Майорошпен кездеседі.