Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ресейлік Евгений Донскоймен бірге Бергамодағы Челленджердің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция өкілдері Хонатан Эйсерик пен Альбано Оливеттимен өткен кездесу 6-4, 7-6 есебімен аяқталды.

Ойын 1 сағат 24 минутқа созылды.

Жарыстың ширек финалында Донской мен Кукушкиннің қарсыластары Ллойд Гласспул (Ұлыбритания) мен Гарри Хелиоваара (Финляндия) болады.