«Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Марко Асенсиоға Еуропаның бес клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асенсио «Реалдағы» жағдайына көңілі толмай, қысқы трансфер кезінде басқа командаға ауысқысы келеді. «Ливерпуль», «Арсенал», «Ювентус» және «Милан» испаниялық жартылай қорғаушы бойынша келіссөздерді бастауға дайын. Бірақ оны сатып алуға дортмундтық «Боруссия» бір табан жақын.

Айта ктейік, Асенсионың «Реалмен» қазіргі келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.