Қорғаушы Седрик Гогуа ЦСКА-мен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы оның агенті Дмитрий Селюк мәлімдеді.

Айта кетейік, Гогуа ЦСКА жаттықтырушылар штабының сеніміне ие бола алмады. 27 жастағы Кот-д'Ивуар ойыншысы жаңа команда іздейді.

Дмитрий Селюктің айтуынша, келер аптада келісімшарт бұзылады. Клуб пен ойыншы арасында келісімшартты үзуге байланысты ешқандай мәселе туындамайды. Бәрі қос тараптың келісімі бойынша болады.