Ресейлік «Ротор» футбол клубы ФНЛ-дің 20-турында «Олимп-Долгопрудный» командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

«Ротор» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин екінші таймда алаңға шығып, екі гол соқты.

Ал «Олимп-Долгопрудный» командасындағы тағы бір қазақстандық Акмаль Бахтияров толық матч өткізді.

«Олимп-Долгопрудный» – «Ротор» – 2:2

Гол соққандар: Ада 19, Большаков 82 (пенальти) – Щеткин 58, 78 (пенальти).