«Пари Сен-Жермен» қазіргі бас бапкер Маурисио Почеттиномен қоштасса, тізгінді «Реалдың» бұрынғы жаттықтырушысы Зинедин Зидан ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, франциялық маман ПСЖ-ны жаттықтыруға дайын.

Айта кетейік, қазір «Пари Сен-Жермен» Франция чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр, Чемпиондар лигасында да сәтті өнер көрсетіп жатыр.