29 қазанда футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

22 турдың қорытындысы бойынша 50 ұпай жинаған «Ақсу» (Павлодар) футбол клубы чемпион атанды. Турнирді өте жоғары қарқында бастаған «Мақтаарал» (46) мен «Қыран» (42) екінші, үшінші орынды иеленді. Демек «Ақсу» мен «Мақтаарал» тікелей ҚПЛ-ға жолдама алды деген сөз.

Бірақ төртінші орындағы «Оқжетпестің» (41 ұпай) 9 ұпайы шегерілгенін айта кеткен жөн.

«Ақсу» - маусымның басы қатты болғанымен, соңы сәтті болды

Шымкенттік «Қыран» маусымды керемет бастаған. Олар алғашқы 15 тур бойы жеңілмеген еді, бірақ соңғы 7 турда 4 рет жеңіліп қалды. Сөйтіп, үшінші орынға сырғыды.

«Ақсу» керісінше маусымның соңғы жағын керемет өткізді. Павлодарлық клуб алғашқы 11 турда 6 рет ғана жеңіске жеткен (2 рет жеңілді), ал соңғы 11 турдың 9-ында жеңіске жетіп, бірде-бір мәрте ұтылған жоқ. Соның арқасында чемпион атанып отыр.

Үздік сұрмерген

22 ойында 21 гол соққан Мирас Тұрлыбек («Ақсу») жарыстың үздік сұрмергені атанды. Бұдан бөлек 20 жастағы Мирас Бірінші лиганың тамыз және қыркүйек айының үздік ойыншысы атанды.

Бұл тізімде Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес», 19 гол) пен Руслан Болов («Оқжетпес», 13) үздік үштікке енді.

Қорытынды кесте