«Астана» футбол клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ФИФА-ның дау-дамайларды шешу палатасының шешімі бойынша «Астана» футбол клубына айыппұл салынды. Қазақстандық команда румыниялық футболшы Дорин Ротариудың алдындағы міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі болып саналды.

Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы «Астана» футбол клубына алдағы 3 трансфер кезеңінде жаңа ойыншылар тіркеуге рұқсат бермейтін болды», - делінген ҚФФ баспасөз хабарламасында.