Шорт-тректен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде ерлер арасындағы 5000 метрге жарыстың ширек финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ширек финалдық жарыста өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 7:01.478 уақыт көрсетіп, мәреге Оңтүстік Корея мен Жапония құрамаларынан кейін үшінші болып жетті. Осылайша, қазақстандықтар жартылай финалға жолдама ала алмады.

Эстафетада Қазақстан құрамасы үшін Абзал Ажғалиев, Аділ Ғалиахметов, Денис Никиша и Мерсаид Жақсыбаев жүгірді.

Фото isu.org