Шорт-тректен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасындағы 3000 метрге жарыстың ширек финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ширек финалдық жарыста өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 4:20,671 уақыт көрсетіп, мәреге Оңтүстік Корея мен Италия құрамаларынан кейін үшінші болып жетті. Осылайша, қазақстандықтар жартылай финалға жолдама ала алмады.

Эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Яна Хан, Ольга Тихонова, Алена Волковицкая және Мадина Жанбусинова өнер көрсетті.

Фото isu.org