Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қыркүйек айының үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнамаға қатысушылардың таңдауыңына OLIMPBET-Чемпионаты ойындарында соғылған 5 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Атырау» – «Тобыл» (22-тур) кездесуінде соғылған Алекса Амановичтің керемет соққысы атанды. Қазақстандық ойыншының голына 183 (43, 78 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жаңа идеяны жүзеге асыруда. Өткен айдан бастап ай қорытындысы бойынша номинациялар иегерлерін қазақ футболының ардагерлері марапаттайтын болады.

Марапатты Амановичке Қостанай футболының ардагері Рафик Оганесович Балбабян табыстады. Ойыншы кезінде Рафик Оганесович «Буревестник», «Қарабах», «Полад» (екеуі де Әзірбайжандық клуб) және «Амудария» (Өзбекстан) командаларында өнер көрсеткен. 1983 жылы Балбабян ойыншы мансабын аяқтап, қостанайлық клуб құрамына кіретін БЖСМ бапкер болып жұмыс істеді. 1995-1996 жылдары «Тобыл» ФК жастар командасының бас бапкері болды. 2001-2002 жылдары «Тобыл» ФК бас бапкері болып қызмет атқарды. 2003-2006 жылдары «Тобыл» ФК балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымында еңбек етті. 2010-2021 жылдары «Тобыл» ФК футбол орталығының басшысы болды.

- Аманович керемет гол соқты. Оның соққысы жойқын болғанын айта кету керек. Гол әдемі шығып, командаға ұпай сыйлады. Жалпы, Алекса Аманович мен Сергей Малый қазіргі таңда Қазақстан Чемпионатының ең мықты орталық қорғаушылары деп санаймын, - деп қорытындылады Рафик Оганесович.