Қазақстанның футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Кубогы ойындарында VAR жүйесін пайдалануға FIFA ресми рұқсатын алды.

Қазіргі уақытта бірқатар отандық футбол төрешілері, оқудың барлық кезеңдерінен өтіп, ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA қажетті лицензияларды алды.

Келесі маусымда Суперкубок, Чемпионат және Кубогының ойындарында қызмет көрсетуге жоспарланған барлық төрешілер үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасуда.

Осы маусымдағы Кубоктың жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді.