Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасына жаңа жаттықтырушы келді. Ол – Ресейдің екі дүркін чемпионы, Еуропа чемпионаттарының жүлдегері Сергей Воронов. Бұл туралы «Denis Ten Memorial Challenge 2021» халықаралық турнирінің ашылуы алдында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы турнирден қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортының жаңа кезеңі басталады. Спорттық додаға түрлі өңірден балалар келді. Жетістіктер – болашақта қандай да бір жетістікке қол жеткізуі мүмкін дарынды спортшыларды анықтаудан басталады. Біз бұқаралық спортты дамыту жолында көп еңбектенуіміз керек.

Бұл тарихи сәт – енді мәнерлеп сырғанаушыларымызды мықты спортшылардың бірі, Денистің досы Сергей Воронов дайындайды. Ұсынысты қабылдағаны үшін оған шын жүректен алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Denis Ten Foundation директоры, Қазақстанның конькимен сырғанаушылары ұлттық федерациясының вице-президенті Оксана Тен.