Қазақстандық клубтар футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундындағы екінші ойындарын өткізді.

Алматының «Қайрат» АФК командасы Ресейдің «Тюмень» ұжымына қарсы ойнап, 3:3 есебімен тең түсті.

«Қайраттың» сапынан Тұрсағұлов, Эдсон мен Витао көзге түсті. Енді алматылық ұжым Италияның «Пезаро C/5» командасымен кездеседі.

Чемпиондар лигасы – 2021/22. Негізгі раунд. 4 топ. 2-тур.

«Тюмень» (Ресей) — «Қайрат» (Қазақстан) 3:3 (2:1)

Голдар: Абрамович 7 (1:0), Тұрсағұлов 8 (1:1), Антошкин 11 (2:1), Лазаревич 13 (3:1), Эдсон 31 (3:2), Витао 35 (3:3).

«Атырау» болса Чемпиондар лигасындағы екінші матчын Португалияның «Спортингіне» қарсы өткізіп, 1:8 есебімен жеңіліс тапты.

Қазақстандық ұжым келесі матчын Францияның «Аньер Вильнев 92» ұжымына қарсы өткізеді.

Чемпиондар лигасы – 2021/22. Негізгі раунд. 4 топ. 2-тур.

«Атырау» (Қазақстан) — «Спортинг» (Португалия) 1:8