Шорт-тректен Бейжіңде өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола жүлдегер атанған болатын. Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген спортшы өз жетістігін ортақ жеңіске балады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«500 метрге жүгіруден қола жүлдегер атандым. Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық жарыста жүлделі орын алу үлкен жетістік.

Бұл менің ғана емес, бүкіл команданың ортақ жеңісі. Келесі кубок жарыстарында да барымызды саламыз.

Бізге қолдау көрсетіп жатқан басшылыққа, бапкерлерге, Ұлттық олимпиадалық комитетке көп рахмет. Алға, Қазақстан», - деді Денис.

Айта кетелік, шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңі Жапонияның Нагоя қаласында 28 қазан күні басталады.