Шорт-тректен Бейжіңдегі Әлем кубогы кезеңінде ерлер арасында 1000 метр қашықтықта А финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Әділ Ғалиахметов медаль үшін таласқа іліне алмады, 1:27.264 нәтижесімен мәреге бесінші болып жетті.

Кезеңнің жеңімпазы оңтүстік кореялық Хван Дэ Хон болды, ресейлік Семен Елистратов екінші, канадалық Паскаль Дионнан үшінші орын алды.

Фото isu.org