Қазақстандық Қасым Әнуарбек (5-2) пен қырғызстандық Нұрболот Аскарбек уулу (8-1) жеңіл салмақта OCTAGON промоушенінің чемпиондық белбеуін сарапқа салды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бірінші раундта файтерлер бірін-бірі бақылап, соққы алмасып тұрды. Екінші бесминуттықта қырғыз файтері Әнуарбекке ауыр соққы жасады, бірақ шабуылын жеңіске дейін жеткізе алмады. Кейін Аскарбек уулу басымдық танытып, шабуылдай бастады, бірақ соның бірінде қазақстандықтың белінен төмен соққы жасады.

Төртінші раундта Қырғызстан өкілі шаршаңқырап, Әнуарбектің көп соққысын өткізіп алды. Шешуші раундта да файтер алма кезек шабуылын жалғастыра берді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Қасым Әнуарбекке берді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы, 1XBET букмекерлік компаниясы, сондай-ақ Jaguar Energy Drink.

OCTAGON 24. Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин техникалық нокаутпен жеңіске жеттіҚазақстандық файтер OCTAGON 24 турнирінде алғашқы жеңілісіне ұшырадыИбрагим Беков OCTAGON 24 турнирінде қарсыласын бір минутта жеңді