Жапонияның Китакюсю қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының финалдық кезеңі өтуде. Бүгін екі қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Милад Карими еркін жаттығудан финалда сынға түседі. Ал Нариман Курбанов гимнастикалық ат снаряды бойынша жүлдеге таласады.

Екі спортшы да іріктеу кезеңінде алғашы сегіздікке еніп, финалға жолдама алған болатын.

Еске сала кетейік, кеше көпсайыстан финалдық бәсекелер аяқталды. Қазақстан Милад Карими жекелеген жаттығу түрлеріне көңіл бөліп, көпсайыстан бас тартты. Ертең Карими гимнастикалық кермеден финалда бақ сынайды.