Әзірбайжандық «Карабахтың» бұрынғы шабуылшысы Вугар Надиров футболдан Конференция лигасы топтық кезеңінің 3-турында алматылық «Қайратпен» болатын матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі azerisport.com сайтына сілтеме жасап.

«Базель» және «Омонияға» қарсы матчтарда «Карабах» өз ойынын көрсетті. Команда ұзақ жылдар бойы еурокубоктарда ойнап, өте құнды тәжірибе жинады. Бірінші таймнан кейін «Омониядан» ұтылып келе жатып, жинақталып, голдарын соқты. Яғни, команда кез-келген жағдайда ойнай алады. «Қайрат» та мықты, құрамында жақсы футболшылар бар. Бірақ менің ойымша, «Карабах» жеңіске жетіп, топ жетекшісінің позициясын сақтайды. Топтан шығуға келетін болсақ, менің ойымша, агдамдықтар бұл мақсатқа қол жеткізе алады. Олар тіпті кезеңді бірінші орында аяқтай алады. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін», - деді Надиров.