Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы бес саты төмендеп, 125-орынға (1137 ұпай) жайғасты.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1832 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Бразилия (1820 ұпай) мен Франция (1779 ұпай) жайғасқан.

ФИФА рейтингісі 21 қазан:

1 (1). Бельгия — 18322 (2). Бразилия — 18203 (4). Франция — 17794 (5). Италия — 17505 (3). Англия — 17506 (6). Аргентина — 17387 (8). Испания — 16878 (7). Португалия — 16819 (9). Мексика — 167310 (10). Дания — 166826 (27). Украина — 1527125 (120). Қазақстан — 1137.