Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) жаңа промоутер таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы боксшы жақында ADAL Promotions-пен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды. Мәміле туралы толық ақпарат жарияланған жоқ. Бұған дейін спортшының мүддесін Main Events қорғаған.

Нұрсұлтанов өткен жылдың 5 желтоқсанында Екатеринбургте ресейлік Илья Баландинді төрешілер шешімімен жеңді.

Кәсіби рингте Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-тың WBC (USNBC) титулын және NABF Junior белбеуін жеңіп алды.

Әуесқой мансабында Мейірім жастар арасында Азия чемпионы, сонымен қатар Astana Arlans командасының құрамында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жеңімпазы болды.