Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (11-2) 11 желтоқсанда Екатеринбургте шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының хабарлауынша, Калицкийдің қарсыласы ресейлік Никита Кузнецов (11-3) болады.

Айта кетейік, алдыңғы жекпе-жегінде Калицкий WBO Inter-Continental белбеуі үшін өтке кездесуде ресейлік Руслан Камиловтан жеңіліп қалды.