«Барыс» шабуылшысы Кертис Волк ҚХЛ-да айтарлықтай жетістікке жетті, деп жазады Prosports.kz.

Кеше СКА клубына қарсы матчта Кертис Волк ҚХЛ-дағы 200-ойынын өткізді.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы бұл ойындардың барлығын «Барыс» жейдесінде өткізді.

Осы уақытқа дейін ол 104 (33+71) ұпай жинады. Биылғы маусымда Волк 19 кездесуге қатысып, 18 (5+13) ұпай жинады.