Құрлықтық хоккей лигасы СКА — «Барыс» матчының үздік үш ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің бас жұлдызы «Барыс» шабуылшысы Никита Михайлис болды, ол өзі шайба соқты және командаласының көзге түсуіне көмектесті.

Қазақстандық команданың қақпашысы Йони Ортио кездесудің үшінші жұлдызы атанды. Ол қақпасына жасалған 33 соққыны қайтарды.