Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік ойыншыларының жаңа рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық рейтингте бірден 47 саты көтеріліп, 48-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Рыбакина жекелей рейтингте бір саты төмендеп, 17-орынға тұрақтады.