Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік ойыншыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте аустралиялық Эшли Барти бірінші орында келеді, екніші орында беларусьтік Арина Соболенко, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеп тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір сатыға төмендеді, қазір 17-орында. Юлия Путинцева да бір сатыға төмендеді - 44-орын. Ал Зарина Дияс төрт орынға көтерілді, қазір 104-орында тұр.