Қ.Мұңайтпасұлы атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледжінің спорт кешенінде даңқты қазақ палуаны, күш-атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ескерткіш-мүсіннің салтанатты ашылуы және спорт кешеніне «Қажымұқан» атауы берілуіне арналған тұсаукесер рәсімі өтеді.

Біздің анықтама:

Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.

Ол Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды палуандармен күрескен.