«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы «Мутко против» телеграм-каналы хабарлады.

«Дереккөзге сенсек, клуб басшылығы Андрей Тихонов «алтын дубль» жасаса да онымен келісімшартты ұзартпауды шешті. Қазір «Астана» Қазақстан чемпионатында бірінші орында келеді. Оған қоса Кубокта жеңіске жетуге мүмкіндігі бар», - делінген хабарламада.

Бірақ бапкер СЭ басылымына берген сұхбатында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайды.

«Менің клубпен келісімшартым бар. Алда не болатынын көре жатармыз. Командадан кетуім туралы ақпарат мені таңғалдырмайды. Өйткені таңғалу үшін тым көп нәрсені білемін. Бірақ бұл жайлы айтпаймын», - деді Тихонов.