«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы «Мутко против» телеграм-каналы хабарлады.

«Дереккөзге сенсек, клуб басшылығы Андрей Тихонов «алтын дубль» жасаса да онымен келісімшартты ұзартпауды шешті.

Қазір «Астана» Қазақстан чемпионатында бірінші орында келеді. Оған қоса Кубокта жеңіске жетуге мүмкіндігі бар», - делінген хабарламада.