«Реалдың» бұрынғы ойыншысы, қазіргі күні «Вальядолид» клубының иесі Роналдо биыл «Алтын допқа» кімнің лайық екенін айтты.

«Менің ойымша, «Алтын допқа» Бенземе лайықты. Ол он жыл қатарынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген үздік шабуылшы. Нағыз чемпион», — деп жазды Роналдо Instagram-парақшасында.

Үміткерлер: Николо Барелла («Интер»), Карим Бензема («Реал»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Кевин де Брёйне («Манчестер Сити»), Джорджо Кьеллини («Ювентус»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д), Жоржиньо («Челси»), Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур»), Н’Голо Канте («Челси»), Симон Кьер («Милан»), Сесар Аспиликуэта («Челси»), Роберт Левандовски («Бавария), Ромелу Лукаку («Челси»), Рияд Марез («Манчестер Сити»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Лионель Месси («ПСЖ»), Лука Модрич («Реал»), Жерар Морено («Вильярреал»), Мейсон Маунт («Челси»), Неймар («ПСЖ»), Педри («Барселона»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити») и Луис Суарес («Атлетико»).