Испания Жоғарғы Спорт Кеңесі (CSD) Ла лиганың 9-туры аясындағы «Реал Мадрид» - «Атлетик» және «Гранада» - «Атлетико» матчын кейінге шегеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл кездесулер 17 қазанда өтуі керек еді. Бірақ 15 қазанға қараған түні өтетін әлем чемпионатына Оңтүстік Америка аймағы бойынша іріктеу матчтарына байланысты оларды кейінге қалдырып отыр.

Аталған ойындар өтетін жаңа уақыт кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, қыркүйекте дәл осындай себеппен «Севилья» - «Барселона» және «Вильярреал» - «Алавес» матчы да кейінге шегерілді.