Чунвон Чо Дүниежүзілік Таеквондо Федерациясының басшысы болып 2021-2025 жылдар аралығындағы мерзімге қайта сайланды. Дауыс беру WT Бас Ассамблеясында онлайн форматында өтті.

Чо жалғыз үміткер болып, 131 дауыстың 129-на ие болды. Қайта сайланған президент Дүниежүзілік Федерацияны 2004 жылдан бастап басқарып келеді. Сол уақыттан бері ол таеквондоны әділ, ашық және инклюзивті спорт түріне айналдыруға үлкен үлес қосты.

WT Президенті өз сөзінде:

«Дүниежүзілік Таеквондо Федерациясын қайта басқару мен үшін үлкен мәрте. Біздің ұлы спортымызды одан әрі биікке көтереміз деп сенемін. Соңғы бір жарым жыл ішінде біз өз қызметімізді қайта ретке келтіріп алдық. Енді WT-ны жаңартып, жаңа белестерге көтеретін кез келді. Қазіргі заманда біз бәріміз бірігіп, толық үйлесімділікте өмір сүруіміз қажет. Сондықтан мен құрлықтық одақтардың Дүниежүзілік Федерациясымен тығыз байланыста жұмыс істеуін шын жүректен тілеймін, өйткені біз 2023 жылы құрылғанымызға 50 жыл толуына орай ең жақсы және беделді халықаралық спорт федерацияларының бірі болуға ұмтылуымыз керек» - деп айтты.

Президент Чоның келесі төрт жылдық мерзімге Дүниежүзілік Таеквондо Федерациясына деген көзқарасы жаңа қызықты мүліктерді іске қосуды, WT құрылымдарында әйелдер санын көбейтуді және «виртуалды» таеквондодағы жетістіктерді одан әрі ілгерілетуді қамтиды.

Бас Ассамблея барысында WT Кеңесінің 17 мүшесі сайланды. Олардың құрамына гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында әр құрлықтық одақтан бір әйел адам қосылды. Әйел кандидаттар арасында ең көп дауыс жинаған гватемалалық Мария Росарио Борелло вице-президент болып тағайындалды. Ұйымның аудиторы болып Түркиядан Али Сағыркая сайланды.

Келесі Бас Ассамблея Уси қаласында (Қытай) өтетін Таеквондодан әлем чемпионаты аясында 2022 жылдың 12 сәуіріне жоспарланып отыр.