Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжановтың төрағалығымен спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Басқосуға МСМ Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің басқарма басшылары, Спортты дамыту дирекциясының директоры Әлібек Нұртаев, Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов қатысып, спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі қаралды. Екі жылда бір өтетін отырыста комиссия тарапынан республикалық басыңқы спорт түрлерінің тізбесі талқыланып, келісілді.

Айта кетейік, спорт түрлерін саралау қағидаларының негізінде бүкіл спорт түрі республикалық және өңірлік деңгейде бөлек сараланады. Нәтижесінде спорт түрлері А, В және С тобына бөлінеді. Аталған топтар келесі екі жылда спорт түрлерін саралауға негіз болады.