ҰФЛ 17-турында «Томь» мен «Олимп-Долгопрудный» футболшылары тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Томскіде өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Александр Ставпецтің голына қонақтар 64-минутта Кирилл Большаковтың дәл соққысымен жауап қатты.

Айта кетейік, бұл ойында қонақтар сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров өз командасына пенальти әкеліп, кейін 41-минутта алаңнан қуылды.