Қазақстандық файтер Асу Алмабаев футболдан Қазақстан құрамасының ойыншыларын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Instagram-дағы танымал парақшалардың біріне пікір қалдырды.

«ММА-ді дамыту керек, бауырларым. Әрине, олардың жалақысы көп. Ішеді, шегеді. Кім ойнап, кім жүгіреді? Біз нәтиже көрсетсек те, залға жету үшін автобуспен жүреміз», - деп жазды Алмабаев.