Қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) Absolute Championship Akhmat ұйымындағы кезекті жекпе-жегін күтіп жүр.

Спортшы Instagram-парақшасында сегізбұрышқа оралуды күтіп жүргенін айтты.

«Жекпе-жекті берген кезде бастаймыз! Күтіп жүрмін...», — деп жазды файтер.

Айта кетейік, Артем Резников биыл ресейлік Юсуф Раисовпен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.