UFC 30 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 267 турнирінің толық кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеш аясында Ресейде тұратын қазақ файтер Дамир Исмагулов (20-1) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы тағы бір ресейлік Магомед Мустафаев (14-4).

Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы Ян Блахович (28-8) пен Гловер Тейшейра (32-7) кездеседі.